2025 жылғы сәуірде тұтыну бағаларының айлық индексі 1,2% құрады (2025 жылғы наурызда – 1,3%). Ақылы қызметтердің бағасы – 1,9%, азық-түлік тауарлары– 1,1%, азық-түлік емес тауарлар 0,6% өсті.
Тарифтер тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында қоқыс шығаруға 4,5% өсті. Монша қызметтері – 5%, шаштараздар мен сұлулық салондары қызметтері – 2,6%, қоғамдық тамақтану қызметтері 2% қымбаттады. Бағалар интернет-байланыс және кинотеатрлар қызметтеріне – 4%-дан, санаторий қызметтеріне – 3,8%, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттері қызметтеріне – 2,5%, стоматологиялық қызметтерге 2,1% өсті.
Азық-түлік тауарларынан баға қырыққабатқа – 20,2%, қызылшаға – 11,7%, басты пиязға – 11,5%, сәбізге – 9,2%, картопқа, лимонға – 7,1%-дан, зәйтүн майына – 6,6%, жүзімге – 6,5%, тәтті бұрышқа – 5,9%, тұздалған майшабаққа – 4%, қой етіне – 3,3%, сиыр етіне, қантқа 2,2%-дан өсті. Баға қиярға – 14,3%, қызанаққа – 5%, сұлы жармасына – 4,3%, апельсинге – 2%, күрішке – 0,4%, жұмыртқаға 0,3% төмендеді.
Ағымдағы жылдың сәуір айында бағаның алтын неке сақинасына – 2,3%, киім мен аяқ киімге – 1%, дәрі-дәрмектерге 0,5% өсуі байқалды. Дизель отыны 1,1% қымбаттады.
Өңірлер ішінде ең жоғары айлық инфляция Түркістан облысында және Алматы, Шымкент қалаларында – 1,5% (орташа республикалық деңгейден 0,3 п.т. жоғары), ең төмені Ақмола облысында 0,7% тіркелді.
Өңірлер бөлінісінде бәрінен бұрын бағалар азық-түлік тауарларына Солтүстік Қазақстан облысында 1,9%, азық-түлік емес тауарларға – Қызылорда облысында 1,1%, ақылы қызметтерге – Түркістан облысында 3,7% өсті.
2025 жылғы сәуірде жылдық мәнде инфляция деңгейі 10,7% құрады. Бағалар ақылы қызметтерге – 15,7%, азық-түлік емес тауарларға – 8,9%, азық-түлік тауарларына 8,5% жоғарылады.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.
*2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 40,0%, азық-түлік емес тауарлар – 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.