Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстанның ресми статистикасының сапасы ЭЫДҰ тарапынан жоғары бағаланды
06.10.2026
Қазақстанның ресми статистикасының сапасы ЭЫДҰ тарапынан жоғары бағаланды
Қазақстанның ресми статистикасының сапасы ЭЫДҰ тарапынан жоғары бағаланды
Қазақстанның ресми статистикасының сапасы ЭЫДҰ тарапынан жоғары бағаланды
Қазақстанның ресми статистикасының сапасы ЭЫДҰ тарапынан жоғары бағаланды
Қазақстанның ресми статистикасының сапасы ЭЫДҰ тарапынан жоғары бағаланды
Қазақстанның ресми статистикасының сапасы ЭЫДҰ тарапынан жоғары бағаланды
Қазақстанның ресми статистикасының сапасы ЭЫДҰ тарапынан жоғары бағаланды
Қазақстанның ресми статистикасының сапасы ЭЫДҰ тарапынан жоғары бағаланды
Қазақстанның ресми статистикасының сапасы ЭЫДҰ тарапынан жоғары бағаланды
Астанада «Ұлттық статистикалық жүйелерді дамыту: халықаралық стандарттар және технологиялық сын-қатерлер» тақырыбында панельдік сессия өтті. Іс-шараны ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Азия даму банкінің қолдауымен ұйымдастырды.

Ауқымды шараға Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Статистика және деректер дирекциясының директоры, бас статистигі Стив Макфили, ЭЫДҰ Жаһандық қатынастар бөлімінің басшысы Жюльен Дюпон, Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің елдік директоры Утсав Кумар, Корея Республикасы Деректер және статистика министрлігінің Статистика қызметі бюросының бас директоры Янг Чжэ Ву, Эстонияның «Positium» компаниясының бас директоры Гертту Пилсас, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, халықаралық және жергілікті ұйымдардың басшылары қатысты.

Қатысушылар ресми статистиканың халықаралық стандарттарын, деректердің жаңа көздерін, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Қазақстан мен басқа елдердің заманауи статистикалық жүйелерін дамыту тәжірибесі де сөз болды.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары  Олжас Төлеуов өз сөзінде Қазақстанда статистиканы одан әрі жаңғырту үшін қажетті негіз қалыптасқанын атап өтті. Соңғы жылдары деректерді жинау мен өңдеудің цифрлық мүмкіндіктері кеңейіп, мемлекеттік органдармен және бизнеспен ақпарат алмасу жақсарды, деректердің жаңа көздері енгізілді.

«Біздің келесі мақсатымыз – түрлі дереккөздерден алынған ақпарат өзара үйлестірілген, сапа жүйелі түрде бағаланатын, ал заманауи технологиялар қажетті нәтижелерді жедел алуға мүмкіндік беретін заманауи статистикалық жүйені одан әрі дамыту», – деді Олжас Төлеуов.

Дәл осы жүйені одан әрі дамыту және халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз ету панельдік сессияның негізгі тақырыптарының бірі болды. Іс-шараның маңызды бөлігі 2023-2025 жылдар аралығында ЭЫДҰ сарапшылары жүргізген Қазақстанның ұлттық статистикалық жүйесіне жүргізілген тереңдетілген шолу нәтижелерінің таныстырылымы болды.

ЭЫДҰ сарапшылары шолу қорытындысында Қазақстанның ресми статистикасының даму деңгейінің жоғары екенін атап өтті. Көптеген бағыттар бойынша статистика сапаның негізгі өлшемдері, атап айтқанда деректердің дәлдігі мен анықтығы, үйлесімділігі, халықаралық стандарттарға сәйкестігі, қамтылуы, өзектілігі, уақтылылығы және қолжетімділігі тұрғысынан озық тәжірибелерге іс жүзінде толық сәйкес келеді.

Сондай-ақ Қазақстанның статистикалық тіркелімдерді дамыту, әкімшілік және баламалы деректерді пайдалану, респонденттерге түсетін жүктемені азайту бағытындағы жұмысы жоғары бағаланды. Қазақстан ТМД елдері арасында ЭЫДҰ-ның Сапалы статистикалық практика жөніндегі ұсынымына ресми түрде қосылған алғашқы ел болды.

«Біз үшін бұл – еліміздің бүкіл статистикалық жүйесіне жүргізілген маңызды сыртқы бағалау. Бүгінде көптеген бағыттар бойынша Қазақстан ЭЫДҰ елдерінің үздік тәжірибелері мен саясаттарымен толық үйлесуге жақын. Сонымен қатар ЭЫДҰ бағалауын біз соңғы нәтиже ретінде қарастырмаймыз. Бұл таңдалған бағыттың дұрыс екенін көрсететін және реформалардың келесі кезеңіне бағдар беретін маңызды көрсеткіш», – деді ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев.

Алдағы жұмыстың негізгі қағидаттарының бірі – деректерді бір рет жинау. Егер қажетті ақпарат мемлекеттік жүйелерде бар болса, оны бизнес пен азаматтардан қайта сұратудың қажеті жоқ. Бұл есептілік жүктемесін азайтып, қажетті көрсеткіштерді жедел алуға мүмкіндік береді.

Ұлттық статистика бюросы ақпараттың жаңа көздерін пайдалануды қазірдің өзінде қолға алды. Мысалы, фискалдық деректер операторларының ақпараты инфляцияны есептеу үшін, ал мобильді позициялау деректері туризм мен көші-қонды талдау үшін қолданылады.

Жасанды интеллект те Бюро жұмысына кезең-кезеңімен енгізілуде. Қазіргі уақытта пайдаланушыларға қолдау көрсету үшін чат-боттар іске қосылды. Алдағы уақытта жасанды интеллектіні статистикалық нысандарды толтыруға жәрдемдесу, деректерді тексеру, қателер мен ауытқуларды анықтау, ақпаратты өңдеу және талдамалық материалдар дайындау бағыттарында қолдану жоспарлануда.

Ұлттық статистика бюросы статистикалық ақпаратты пайдаланушылар үшін барынша қолайлы ету бағытында жұмыс жүргізуде. Деректер stat.gov.kz, ашық деректер, дашбордтар, «Талдау» ақпараттық-талдау жүйесі, Smart Data Ukimet және API арқылы қолжетімді.

Технологиялардың дамуы ресми статистикаға қойылатын басты талапты өзгертпейді – деректер халықаралық деңгейде сапа және салыстырмалылық қағидаттарына сәйкес болуы тиіс. Бюро ЭЫДҰ-ның жоғары талаптары мен стандарттарына толық сәйкестікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастырады.

Алдағы кезеңде Қазақстан жаңа дереккөздер мен заманауи технологияларды ескере отырып, ұлттық статистикалық жүйені одан әрі дамытуды жоспарлап отыр. Мемлекеттік және өзге де қолжетімді дереккөздерден алынатын ақпаратты пайдалану кеңейтіліп, респонденттерге түсетін жүктеме азайтылады, сондай-ақ бірқатар процестер автоматтандырылады.

Тізімге оралу