Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстанның екі өңірінде Ұлттық статистика бюросының аумақтық департаменттеріне жаңа басшылар тағайындалды
15.06.2026
Қазақстанның екі өңірінде Ұлттық статистика бюросының аумақтық департаменттеріне жаңа басшылар тағайындалды
Қазақстанның екі өңірінде Ұлттық статистика бюросының аумақтық департаменттеріне жаңа басшылар тағайындалды
Қазақстанның екі өңірінде Ұлттық статистика бюросының аумақтық департаменттеріне жаңа басшылар тағайындалды
Абай және Ұлытау облыстарында ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының аумақтық департаменттерінің жаңа басшылары қызметке кірісті.

Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Нұрқожа Бекжанов тағайындалды. Ол бұған дейін Бюроның Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды. Жаңа басшыны ұжымға ҚР СЖРА Ұлттық статистикасы бюросының  басшысы Мақсат Тұрлыбаев таныстырды.

Нұрқожа Бекжанов М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы статистика басқармасында бастаған. 2018 жылдан бастап мемлекеттік статистика органдарында түрлі қызметтер атқарды. 2022 жылдың тамыз айынан бастап Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары ретінде қызмет етті. Статистика саласындағы жалпы еңбек өтілі - 8 жыл. «Статистика үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаментінің басшысы болып Данияр Бейсембаев тағайындалды. Ол бұған дейін осы департамент басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Жаңа басшыны ұжымға Ұлттық статистикасы бюросы басшысының орынбасары Әсел Шауенова таныстырды.

Данияр Бейсембаев Семей мемлекеттік қаржы институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, сондай-ақ Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2001 жылы статистика органдарында бастаған. Осы уақыт аралығында аудандық деңгейдегі маманнан бастап басшылық лауазымдарға дейін көтерілген. 2023 жылдың ақпан айынан бастап Бюроның Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды. Мемлекеттік статистика саласындағы еңбек өтілі шамамен 24 жылды құрайды. «Статистика үздігі» төсбелгісімен  марапатталған.

Тізімге оралу