Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы артты
25.04.2024
Қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы артты

Халықтың туу кезіндегі өмір сүру ұзақтығы 2023 жылы 75,09 жасты құрады және осылайша соңғы 25 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болды. Айта кетейік, көрсеткіш ұзақ мерзімді өсімнен кейін 2020-2021 жж. пандемия кезінде төмендеп, одан кейін қайта қалпына келе бастаған.


Қалалық жерлерде өмір сүру ұзақтығы ауылдық жерлерге қарағанда жоғары, сәйкесінше 75,73 және 74,02 жылдан.

Гендерлік бөліністе әйелдердің өмір сүру ұзақтығы да артып, 79,06 жасты құрады (2022 ж. – 78,4), ерлер арасында бұл көрсеткіш 70,99 жас (2022 ж. – 70,2 жас).

Халықтың тууы кезіндегі өмір сүру ұзақтығы Алматы қаласында ең жоғары – 78,28 жас, ал ең төмені Ұлытау облысында – 72,41 жас.

Айта кетейік, Туған кезде халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы – бұл ұрпақтың бүкіл өмірінде әр жас тобындағы өлім-жітім деңгейінің көрсеткіші есептік жылдағыдай деңгейде өзгеріссіз қалатын жағдайда сол ұрпақтан туған бір адамның өмір сүретін жасы.



Тізімге оралу

Онлайн кеңесші