27.03.2026
Қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы артты
Халықтың туған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы жыл өткен сайын ұзарып келеді. 2025 жылы бұл көрсеткіш 75,97 жасты құрады (2024 жылы – 75,44).
Қалалық жерлерде туған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы ауылдық жерлерге қарағанда жоғары – тиісінше 76,63 және 74,81 жас.
Гендерлік бөліністе әйелдердің күтілетін өмір сүру ұзақтығы да өсіп, 79,8 жасты құрады (2024 жылы – 79,42), ал ерлер арасында бұл көрсеткіш 72,19 жас болды (2024 жылы – 71,33).
Өңірлер бөлінісінде ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында – 78,83 жас және Астана қаласында – 78,78 жас. Ең төменгі көрсеткіш Ұлытау облысында – 73,56 жас.
Туған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы - осы ұрпақтың бүкіл өмір бойы әр жастағы өлім-жітім деңгейі көрсеткіш есептелген жылдағыдай өзгеріссіз сақталғанда, орташа есеппен бір адамның өмір сүруіне болатын жылдар саны
Тізімге оралу