Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қазақстандық статистиктер делегациясы Ұлыбританияда: тәжірибе алмасу мен ынтымақтастық
07.06.2024
Қазақстандық статистиктер делегациясы Ұлыбританияда: тәжірибе алмасу мен ынтымақтастық


4-7 маусым аралығында Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев бастаған делегация Ұлыбританияның Лондондағы және Ньюпорттағы ұлттық статистика басқармасында іс-сапармен болды. Ұлыбритания мен Қазақстан статистика агенттіктерінің өкілдері мобильді деректермен, ауылшаруашылық статистикасымен, ТДМ платформасымен жұмыс істеу кезінде қолданылатын әдістер мен құралдарды, инфляцияны есептеу үшін қолданылатын фискалдық деректер операторларының (ФДО) деректерін сканерлеуді және балама көздерден алынатын деректер негізінде басқа да көрсеткіштерді есептеу барысын талқылады.

Сапар барысында сондай-ақ Бюро басшысы мен Ұлыбританияның бас ұлттық статистигі сэр Иэн Даймондпен кездесу өтті, онда тараптар өзара ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екенін білдірді.

Сапар Қазақстан мен Ұлыбритания үкіметтері арасындағы өзара түсіністік туралы қолданыстағы Меморандум аясында Ұлыбритания қаржыландыратын Орталық Азия бойынша EGED (Экономикалық даму үшін тиімді басқару) бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған.




Тізімге оралу

Онлайн кеңесші