Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстанда жарақаттану деңгейі төмендеді
26.05.2026
Қазақстанда жарақаттану деңгейі төмендеді

Қазақстан Республикасында 2025 жылы 2024 жылмен салыстырғанда өндірістегі жарақаттану деңгейі 5,8 % төмендеп, 2 328 жазатайым оқиға тіркелді.

Өндірісте жарақаттанудың ең жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан облысында сақталуда. 2025 жылы бұл өңірде 287 жазатайым оқиға тіркелді, бұл жалпы көрсеткіштің 12,3 % құрайды.

Екінші орында Қарағанды облысы тұр, онда өндірісте 277 адам зардап шекті, бұл жалпы жазатайым оқиғалардың 11,9 %.


 

Жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің ең көп үлесі өңдеу өнеркәсібінде (255 адам), тау-кен өнеркәсібінде (130 адам) және құрылыста (18 адам) тіркелді.

Есепті жылы ең көп таралған кәсіптік аурулар қатарында дорсалгия (116 адам), сондай-ақ бел және басқа бөлімдердегі омыртқааралық дискілердің зақымдануы радикулопатиямен (183 адам) анықталды.

Жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккендердің басым бөлігі 30-45 жас аралығындағы білікті жұмысшылар.

 


Тізімге оралу