Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қазақстанда мультииндикаторлық кластерлік зерттеу жүргізіледі
10.06.2024
Қазақстанда мультииндикаторлық кластерлік зерттеу жүргізіледі


Бүгін 2023-2025 жылдары Қазақстан Республикасында мультииндикаторлық кластерлік зерттеуді дайындау және іске асыру жөніндегі Басқарушы комитеттің отырысы өтті, іс-шараға бюро басшылығы мен БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қоры және ЮНФПА қоры, Азия даму банкінің өкілдіктері, сондай-ақ барлық мүдделі орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. 

Зерттеудің мақсаты – Қазақстан аумағындағы әйелдер мен балалардың денсаулығы мен әл-ауқатының жай-күйін бағалау мен мониторингтен өткізу. Кездесу барысында сауалнамаға дайындықтың негізгі аспектілері қаралды, сондай-ақ MICS-ті сәтті өткізу үшін шешілуі тиіс басым бағыттар мен міндеттер айқындалды. 

Деректерді жинау үшін қолданылатын сауалнамаларды талқылауға ерекше назар аударылды. Кеңеске қатысушылар сауалдардың өңір ерекшелігіне қарай бейімделуін және алынған ақпараттың жоғары дәлдігі мен сенімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Сауалнама барысында балалардың және жалпы халықтың жағдайы, сондай-ақ денсаулық сақтау, тамақтану, білім беру, су сапасы мен санитария, үй шаруашылығында энергияны пайдалану, ерте жастағы балаларды дамыту, репродуктивті денсаулық, ересектер мен балалардың дамуының функционалдық ерекшеліктері, ата-аналардың балалардың танымын және оқуға қажетті дағдыларын дамытуға қатысуы т.б.. 

MICS зерттеуі Қазақстан халқының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған тиімді бағдарламалар мен стратегияларды әзірлеу және іске асыру үшін негіз болатын өзекті деректерді алуға мүмкіндік береді. 

Естеріңізге сала кетейік, мультииндикаторлық кластерлік зерттеу 2024 жылдың қыркүйек-қараша айларында жүргізіледі, сауалнама 24 мың үй шаруашылығын қамтиды деп жоспарланып отыр. Бұған дейін Қазақстанда MICS зерттеуі 2006, 2010 және 2015 жылдары болған.


Тізімге оралу

Онлайн кеңесші