2023-2024 оқу жылының басында Қазақстан Республикасында 711 дербес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы (бұдан әрі-ТжКБ) және 39 филиал жұмыс істеді.
Оқушылардың жалпы саны 548 мың адамды құрады, оның ішінде 263,6 мың адам немесе 48,1% – әйелдер. 2022-2023 оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 4% өсті.
Білім алушылардың жалпы санының 72,5% негізгі орта білім негізінде, 23,8% жалпы орта білім негізінде, 3,7% ТжКБ базасында білім алады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 348 мың адам оқиды, бұл оқушылардың жалпы санының 63,5% құрайды, ақылы білім беру қызметтерін 200 мың адам немесе білім алушылардың 36,5% алады.
2019 жылмен салыстырғанда 2023 жылы өңірлер бөлінісінде қабылданған студенттердің басым бөлігі Алматы қаласында – 16,1%, Шымкент қаласында – 9,8%, Түркістан облысында – 7,2%, Астана қаласында – 6,9%. Жалпы республика бойынша қабылданған студенттердің өсімі 35,2%.
