Сапарлардың негізгі үлесі жеке мақсаттар бойынша болған – 11 076,2 мың адам немесе сапарлардың жалпы санының 94,1%, іскерлік және кәсіби мақсатта – 695,2 мың адам (5,9%).
Барушылары ең көп болған өңірлер қатарында Астана қаласы (10,1%), Түркістан облысы (10%) сондай-ақ Алматы қаласы (9,9%), Алматы (7,9%) және Қарағанды (7,4%) облыстары бар.
Қазақстан бойынша сапарлау кезінде туристердің көпшілігі туыстары немесе таныстарына (60,8%) баруды жөн көрген. Қонақ үйлерде (14,2%), жалдамалы тұрғын үйлерде (11,5%) және санаторилерде (3,6%) тоқатағандардың үлесі айтарлықтай аз.
Пайдаланылған көлік түріне қарай алып қарасақ, ел ішінде сапарлағандар жеке меншік автокөлігін (36,1%) және теміржол көлігін (26,4%), ал сырт елге барушылар – әуе көлігін (55,7%) таңдаған.
2025 жылы туристік сапарға шыққандардың ақшалай шығыстары 1 134,2 млрд теңгені құрады, оның ішінде ел ішінде сапарлағандардікі – 659,2 млрд теңге (58,1%).
Қазақстан шегінде туристік сапарға шыққандардың негізгі шығыстары тауарларды сатып алу (25,7%), көлік қызметтері (25,5%), тамақтану (20,8%) және орналастыру орындарында тұру (12,2%) қызметтеріне кеткен.