Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қазақстан Республикасында үй шаруашылықтарының сапарларға шығыстары
02.05.2025
Қазақстан Республикасында үй шаруашылықтарының сапарларға шығыстары

2024 жылы туристік сапарға шыққан азаматтар саны 11 287 мың адамды құрады, оның ішінде республика шегінде 9 903,5 мың адам (87,7%), республикадан тыс жерлерге – 1 383,4 мың адам (12,3%) сапарға шыққан.

Сапарлардың негізгі үлесі жеке мақсаттар бойынша болған – 10 532,8 мың адам немесе сапарлардың жалпы санының 93,3%, іскерлік және кәсіби мақсатта – 754,2 мың адам (6,7%).

Барушылары ең көп болған өңірлер қатарында Астана (10,5%), Алматы (10,2%) қалалары, сондай-ақ Түркістан (8,8%), Қарағанды (7,9%) және Алматы (7,4%) облыстары бар.


Қазақстан бойынша сапарлау кезінде туристердің көпшілігі жатын орны тегін болатын туыстары не таныстарына (64,2%) баруды жөн көрген. Қонақ үйлерде (15,2%), жалдамалы тұрғын үйлерде (11,6%) және санаторилерде (3,3%) тоқтағандардың үлесі айтарлықтай аз.

Пайдаланылған көлік түрлері бойынша қарасақ, ел ішінде сапарлағандар өз автокөлігімен (36,1%) және теміржол көлігімен көбірек қозғалған (26,4%), сырт елге барушылар – әуе көлігін (55,7%) жөн көрген.

2024 жылы туристік сапарға шыққандардың ақшалай шығыстары 957,7 млрд теңгені құрады, ел ішінде сапарлағандардікі – 582,7 млрд теңге (60,8%).

Қазақстан шегінде жеке мақсатта туристік сапарға шыққандардың негізгі шығыстары тауарларды сатып алу (29,5%), көлік қызметтері (25,2%), тамақтану (21,0%) және орналастыру орындарында тұру (12,6%) қызметтеріне кеткен.



Тізімге оралу

Онлайн кеңесші