Үй шаруашылықтарын іріктеп тексеру нәтижелері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (кедейлік деңгейі) төмен халықтың үлесі 2023 жылғы II тоқсанда 5,1% құрады.
2023 жылғы II тоқсандағы кедейлік деңгейінің ең жоғары мәні Түркістан (9,7%) облысында, ал ең азы – Астана қаласында (2,5%) тіркелді.
Кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2023 жылғы II тоқсанының қорытындысы бойынша 9,2%-ды құрады, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық.
Анықтама үшін: Кедейлік деңгейі тұтынуға пайдаланылған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халық санының халықтың жалпы санына пайызбен өлшенген қатынасы.ҚР бойынша 2023 жылғы II тоқсанда айына орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 47 884 теңгені құрады.