Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қазақстан Республикасындағы ішкі сауда туралы
14.05.2024
Қазақстан Республикасындағы ішкі сауда туралы
«Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 2024 жылғы қаңтар-сәуірде өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 102,3% құрады.
Саланың жалпы көлеміндегі елеулі үлес көтерме саудаға тиесілі, оның үлес салмағы 68,3% құрайды, бөлшек сауданың үлес салмағы 31,3% құрайды.
Бөлшек сауда көлемі 2024 жылғы қаңтар-сәуірде 5 407,8 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 5,2% жоғары. Саудамен айналысатын кәсіпорындармен тауарлардың бөлшек саудада өткізу көлемі 4 152,3 млрд теңгені құрады немесе 2023 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 8,6% жоғары болды.
Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 29,1% құрады, азық-түлік емес тауарлар – 70,9%.
Сату көлемінің ең көп өсуі азық-түлік емес тауарлар бойынша, атап айтқанда тоқыма және шұлық бұйымдары, тоқыма бұйымдары, темекі бұйымдары, жиһаз, мотор отыны, косметикалық тауарлар және жеке гигиена жабдықтары, фармацевтика тауарлары, киімді өткізумен айналысатын кәсіпорындарда атап өтілді.
2024 жылғы 1 мамырға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 554,2 млрд теңгені, сауда күндерінде 75 күнді құрады (2023 жылғы 1 мамырға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі 1 507,3 млрд теңгені, сауда күндерінде 74 күнді құрады).
2024 жылғы қаңтар-сәуірдегі республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы (31,6%) және Астана қалаларына (12,4%), Қарағанды (7,9%) және Шығыс Қазақстан (6%) облыстарына тиесілі.



Көтерме сауда көлемі 2024 жылғы қаңтар-сәуірде 11 786,4 млрд теңгені немесе 2023 жылғы тиісті кезең деңгейіне 101% құрады. Көтерме тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер басым (79,2%).
2024 жылғы 1 мамырға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі көтерме саудада 2 032,2 млрд теңгені, сауда күндерінде 41 күнді құрады (2023 жылғы 1 мамырға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі 1 783,1 млрд теңгені, сауда күндерінде 42 күнді құрады).
Республиканың көтерме саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмақ 2024 жылғы қаңтар-сәуірде Алматы қаласына (39,3%), Атырау облысына (16,9%), Астана қаласына (15,2%), Қарағанды облысына (5,7%) тиесілі.


Тізімге оралу

Онлайн кеңесші