Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаның өзгеруі
пайызбен, өсуі
|
2023 жылғы тамыз |
|
2022 жылғы тамызға |
2023 жылғы шілдеге |
|
Тауарлар мен қызметтер |
13,1 |
0,7 |
Азық-түлік тауарлар |
12,4 |
0,0 |
Азық-түлік емес тауарлар |
13,5 |
0,5 |
Ақылы қызметтер |
13,9 |
1,9 |
2023 жылғы тамызда жылдық мәнде инфляция деңгейі 13,1% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 12,4%, азық-түлік емес тауарлар 13,5%, ақылы қызметтер 13,9% өсті.
2022 жылғы тамызбен салыстырғанда қырыққабат 67,2%, күріш – 42,6%, қантсыз қоюландырылған сүт – 37%, газдалмаған сусындар 26,6% қымбаттады. Парацетамол бағасы – 57,3%, күндізгі стационарлық емдеу қызметінің тарифі – 40,4%, қоқыс шығару 36,1% өсті. Керісінше, жылдық мәнде смартфондар – 23,4%, құмшекер– 21,3%, сарымсақ – 17,8%, қарақұмық жармасы – 14%, басты пияз – 10,8%, күнбағыс майы 9,2% арзандаған.
Бюро ай сайын инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткішін есептейді. Жалпы алғанда 508 позиция бойынша қызметтер мен тауарлардың тарифтер мен баға өзгерісі бақыланады. Бағаларды тіркеу барлық облыс орталығында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір шеңберінде әртүрлі меншік нысанындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.
*2023 жылғы қаңтардан бастап, тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 41,8%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 29,6%, ақылы қызметтер 28,6% құрады.