2024 жылғы қыркүйекте тұтыну бағаларының айлық индексі баяулап 0,4% құрады (ағымдағы жылғы тамызда – 0,6%). Ақылы қызметтердің бағасы 1%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 0,6% өсті. Азық-түлік тауарлары бағасының индексі өзгеріссіз қалды.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында суық суға тарифтер – 6,2%, су бұру мен электр энергиясына тарифтер 1,1%-дан өсті. Жеке жалпы білім беру ұйымдарының қызметтеріне баға деңгейі 17,1%, кәсіптік орта білім беруге – 12,3%, жоғары білім беруге 10,3% өсті.
Бағаның өсуі отынға – 2,9%, тас көмірге 2,5% байқалды. Автокөлік бағасы 1,7%, жиһаз бен тұрмыстық заттар – 1,4%, киім мен аяқ киім 0,9% өсті.
Азық-түлік өнімдерінен баға қиярға – 11,9%, апельсинге – 7,8%, жұмыртқаға – 6%, қызанаққа – 5,1%, күнбағыс майына 4,1% өсті. Бағаның төмендеуі картопқа – 13,5%, сәбізге – 11,9%, жүзімге – 10,3%, пиязға – 10%, қызылшаға 5,9% байқалды.
Өңірлердің ішінде ең жоғары айлық инфляция Қызылорда облысында – 1% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п.т. жоғары), ең төменгі – Павлодар, Маңғыстау және Жамбыл облысында.
Өңірлер бөлінісінде ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Маңғыстау облысында – 0,6%, азық-түлік емес тауарларына – Абай облысында 2,1%, ақылы қызметтерге – Қызылорда облысында 2,7% өсті.
2024 жылғы қыркүйекте жылдық мәнде инфляция деңгейі 8,3% құрады. Ақылы қызметтердің бағасы – 13,6%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 7,6%, азық-түлік тауарларының бағасы 5,1% өсті.
2023 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда тарифтер орталықтан жылытуға – 33%, суық суға – 29,4%, су бұруға – 24%, электр энергиясына – 23,7%, қоқыс шығаруға – 18,1%, ыстық суға 17,4% өсті. Байланыс қызметтері – 15%, денсаулық сақтау қызметтері 11,6% қымбаттады. Ацетилсалицил қышқылының бағасы – 48,9%, белсендірілген көмірге – 31%, хилак фортеге – 25%, парацетамолға 16% өсті. Қызанақ – 28,2%, сарымсақ – 25,6%, қияр – 22,5%, банан 12,9% қымбаттады. Керісінше, жылдық мәнде қырыққабат – 26,5%, қарақұмық жармасы – 22,5%, лимон – 18,4%, сәбіз – 12,8%, күнбағыс майы 12,1% арзандады.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.
*2024 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 42,0%, азық-түлік емес тауарлар – 29,8%, ақылы қызметтер 28,2% құрады.