Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Қазақстан Республикасындағы инфляция
01.03.2024
Қазақстан Республикасындағы инфляция

2024 жылғы ақпанда тұтыну бағаларының айлық индексі үдей түсіп, 1,1% құрады (қаңтарда – 0,8%). Ақылы қызметтер бағасы 1,7%, азық-түлік тауарлары – 0,8%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,7% өсті.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ыстық су тарифі 11,6%, орталықтан жылытуға – 10,7%, суық суға – 8,3%, су бұруға 7,3% өсті. Ұялы байланыс қызметтері – 6,2%, монша қызметі – 3,8%, денсаулық сақтау қызметі – 2,1%, қоғамдық тамақтандыру қызметтері 1,2% қымбаттады.

Азық-түлік тауарларының ішінде баға қиярға – 14,8%, қызанаққа – 8%, тәтті бұрышқа – 5,4%, бананға – 3,8% жоғарылады. Бағаның өсуі нанға – 1,3%, ұнға – 1%, макарон өнімдеріне 0,8% тіркелді. Бұл ретте қарақұмық – 2,4%, күнбағыс майы – 2%, құмшекер 1,5% арзандады.

2024 жылғы ақпанда бағаның өсуі тұрмыстық техникаға – 2,2%, автокөліктерге – 1,6%, тоқыма бұйымдарына – 0,9%, жеке қолданатын тауарларға 0,7% байқалды. Дәрі-дәрмектер 1,2% қымбаттады.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Қарағанды облысында – 1,9% (орташа республикалық деңгейден 0,8 п.т. жоғары), ең төменгі – Абай және Алматы облыстарында, әрқайсысында 0,5%-дан тіркелді.

Өңірлер бөлінісінде азық-түлік тауарларының ең жоғары бағасы Шымкент қаласында – 1,4%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – Маңғыстау облысында 1,5%, ақылы қызметтер – Қарағанды облысында 3,7% өсті.





2024 жылғы ақпанда жылдық мәнде инфляция деңгейі 9,3% құрады. Ақылы қызметтер – 12,8%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 8,5%, азық-түлік тауарларының бағасы 7,4% өсті.

2023 жылдың ақпан айымен салыстырғанда тарифтер су бұруға – 33,9%, орталықтандырылған жылытуға – 30,9%, суық суға – 30,8%, қоқыс шығаруға – 30,7%, ыстық суға – 29,4%, электр қуатына 19,9% өсті. Жүзім – 44,3%, қауданды қырыққабат – 29,7%, күріш 26% қымбаттады. Парацетамол бағасы 63,3%, ацетилсалицил қышқылына – 60,1%, белсендірілген көмірге 32,3% өсті.

Керісінше жылдық мәнде басты пияз – 42,5%, қарақұмық – 24,3%, күнбағыс майы – 21,2%, құмшекер – 14,8%, картоп 12% арзандады.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

*2024 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 42,0%, азық-түлік емес тауарлар – 29,8%, ақылы қызметтер 28,2% құрады.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші