Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасындағы электрондық коммерция туралы
23.05.2025
Қазақстан Республикасындағы электрондық коммерция туралы

2024 жылы Ішкі нарықтағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі, маркетплейстерді ескергендегі, электрондық сауданың үлесі 14,1% құрады. Нарық көлемі 3 156,4 млрд теңге болды, оның ішінде электрондық коммерция платформасы (маркетплейс) арқылы бөлшек сауда айналымы 2 679,8 млрд теңгені (84,9%), тауарларды меншікті Интернет-ресурсы арқылы өткізуді жүзеге асыратын бөлшек сауда кәсіпорындары арқылы 476,5 млрд теңгені (15,1%) құрады.

2024 жылы маркетплейстер арқылы тауарларды бөлшек саудада өткізудің жалпы көлемінің ең үлкен үлесі телефондар мен гаджеттер –27,4%, тұрмыстық техника – 13,3%, киім, аяқ киім, спорттық тауарлар – 10,3%, компьютерлер, ноутбуктер, бағдарламалық жасақтама, компьютерлік тауарларға – 5,7% тиесілі.

2024 жылы маркетплейс арқылы көрсетілген қызметтер көлеміндегі ең үлкен үлес жүк тасымалдау қызметтеріне тиесілі – 29,5%, жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтерге – 29,4% және көлік орындарын брондау қызметтеріне – 25%.

Маркетплейстерде бөлшек тауарлар үшін орташа чек – 17 572 теңгені құрады, көрсетілген қызметтер үшін – 3 274 теңге.

Бөлшек саудада меншік Интернет-ресурс арқылы өткізу бойынша ең көп үлесті косметика парфюмерия (22,4%), тұрмыстық техника (13,4%), дәріхана (11,8%), телефондар мен гаджеттер (10,1%), бұйым (8,7%) және азық-түлік өнімдері (8,3%) құрады. Ал көрсетілген қызметтер көлеміндегі ең үлкен үлес – билеттер және көлік орындарын брондау – 30,5%, жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер – 23,9%, басқа топтамаларға кірмейтін өзге де қызметтерге – 18,6% тиесілі болды.

2024 жылы меншік Интернет-ресурс арқылы бөлшек тауарлар үшін орташа чек 39 179 теңгені, көрсетілген қызметтер үшін – 15 243 теңгені құрады.


Тізімге оралу

Онлайн кеңесші