Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасындағы электрондық коммерция туралы
23.05.2024
Қазақстан Республикасындағы электрондық коммерция туралы
2023 жылы маркетплейстерді ескергендегі бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электрондық коммерция үлесі 12,7%, ақшалай мәнде 2 439,8 млрд теңгені құрады. Оның ішінде маркетплейс платформасы арқылы айналым 1 767,6 млрд теңгені (72,4%), жеке интернет-ресурсы бар бөлшек сауда кәсіпорындары арқылы 672,2 млрд теңгені (27,6%) құрады.


2023 жылы электрондық коммерция платформасын (маркетплейс) пайдаланатын кәсіпорындардың үлесі 79,7%, тауарлар мен қызметтерді меншікті Интернет-ресурс арқылы өткізетіндер – 30,3%, олардың ішінде 10% бөлшек электрондық коммерцияны (маркетплейс және меншікті Интернет-ресурс арқылы) жүзеге асырады.
Телефондар мен гаджеттер маркетплейстерде сатылған тауарлардың ең көп үлесін алады – 27,5%, одан кейін тұрмыстық техника – 11,6%, компьютерлік тауарлар мен бағдарламалық қамтамасыз ету – 10,1% және автокөлік тауарлары – 7,9%.
Маркетплейс арқылы көрсетілген қызметтер көлеміндегі ең үлкен үлес көлік орындарын брондау қызметтеріне – 38%, жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне – 37,4%, басқа топтарға кірмейтін өзге де қызметтерге – 14,5% тиесілі.
Маркетплейстердегі бөлшек тауарлар үшін орташа чек – 14 823 теңгені, көрсетілген қызметтер үшін – 2 553 теңгені құрады.
Тауарлар мен көрсетілген қызметтер ақысын төлеу тәсілдерінің ішінде ең қолайлысы дебеттік карта немесе электрондық банк аударымы (32,1%), қолма-қол төлеу (24,1%), интернет арқылы несие картасымен төлеу (22,2%), онлайн төлем жасау (13,5%), ұялы телефон (4,9%), сыйлық картасымен төлеу немесе бонустар немесе купондар бағдарламасының «ұпайлары» онлайн ваучері (3,2%) арқылы өтеу болды.
Тауарлардың жартысына жуығы (49,9%) сатып алушыға пошта қызметтері немесе басқа жеткізу әдістерін қолдана отырып жеткізілді, 31,5% – клиенттің өзі алып кетті, ал қалған 18,6% – веб-сайттан онлайн жеткізу қызметі немесе қолданба арқылы.


Анықтама: Электрондық коммерция – электрондық саудадағы кәсіпкерлік қызмет, сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын қызметтерді сату.
Электрондық коммерцияның онлайн платформасы (маркетплейс) – бұл делдал ретінде әрекет ететін және интернет арқылы қатысушылардың нарығында сұраныс пен ұсынысты (тауарларды, қызметтерді және/немесе ақпаратты) салыстыруға мүмкіндік беретін цифрлық алаң.

Тізімге оралу