Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасындағы бөлшек сауданың 2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жағдайы туралы
12.10.2023
Қазақстан Республикасындағы бөлшек сауданың 2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жағдайы туралы

2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 13 122,1 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 7,2% жоғары. Саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 8937,2 млрд. теңгені құрады, 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда бұл 10,7% жоғары.

Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 32,3% құрады, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 67,7%.

Сату көлемінің ең жоғары өсімі азық-түлікке жатпайтын тауарларға тиесілі, атап айтқанда мотор отыны, автомобиль, фармацевтика тауарлары, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, атомобильдерге арналған құрал-саймандар, аяқкиім, жиһаз, сағат және зергерлік бұйымдар.

2023 жылғы 1 қазанға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 539 млрд теңгені, сауда күндерінде 71 күнді құрады (2022 жылғы 1 қазанға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі 1201 млрд теңгені, сауда күндерінде 61 күн құрады).


2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес Алматы (32%) мен Астана қалаларына (12,9%), Қарағанды (8%) және Шығыс Қазақстан (6,1%) облыстарына тиесілі.


Тізімге оралу