2024-2025 оқу жылының басында Қазақстан Республикасында 706 дербес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы (бұдан әрі-ТжКБ) және 39 филиал жұмыс істеді.
Оқушылардың жалпы саны 557 мың адамды құрады, оның ішінде 266,9 мың адам немесе 47,9% – әйелдер. 2023-2024 оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 1,6% - ға өсті.
Білім алушылардың жалпы санының 73,6% негізгі орта білім негізінде, 22,5% жалпы орта білім негізінде, 3,9% ТжКБ базасында білім алып жатыр.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 380 мың адам оқиды, бұл оқушылардың жалпы санының 68,4% құрайды.
Өткен оқу жылындағы түлектер саны 158,7 мың адамды құрады, оның ішінде 92,9 мың адам (58,5%) жұмысқа орналастырылды және 25,6 мың адам (16,1%) жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуын жалғастырды.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 38 659 педагог және 5 364 өндірістік оқыту шеберлері жұмыс істейді.
Соңғы бес жылдағы динамикада ТжКБ ұйымдары санының жыл сайынғы төмендеуі байқалды. 2020 жылмен салыстырғанда 2024 жылы ТжКБ ұйымдары саны 4,2% азайды, бұл ретте ТжКБ ұйымдарында білім алушылар саны 16,6% өсті.