Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан мен Индонезия статистика саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге келді
06.11.2025

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы мен Индонезияның Орталық статистика агенттігі статистика саласындағы өзара ниет туралы хатқа қол қойды. Құжатқа қол қою рәсімі Қазақстан мемлекеттік статистикасының 105 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлттық статистикалық жүйелердің цифрлық трансформациясы» атты халықаралық форум аясында өтті.

Құжатқа Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев және Индонезияның Ұлттық статистика агенттігі басшысының орынбасары Сонни Гарри Будиутомо Хармади қол қойды.

Ниет хаты статистиканы цифрландыру, экономикалық деректерді жетілдіру, геокеңістік жүйелерін дамыту және мамандардың кәсіби әлеуетін арттыру бағыттарындағы ынтымақтастықты көздейді. Тараптар тәжірибе алмасуға, заманауи цифрлық технологияларды енгізуге және деректерді жинау мен талдауға арналған бірлескен құралдар әзірлеуге уағдаласты.

Жаңа келісім мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында статистикалық деректердің дәлдігін, ашықтығын және практикалық маңыздылығын күшейтуге бағытталған.

Тізімге оралу