Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан ИЫҰ Статистика комиссиясы Бюросы төрағасының орынбасары болып сайланды
29.09.2026

29-30 қыркүйек күндері Жидда қаласында (Сауд Арабиясы Корольдігі) Ислам ынтымақтастығы ұйымының Статистика жөніндегі комиссиясының (OIC-StatCom) 15-сессиясы өтуде.

Сессия барысында Статистика комиссиясы Бюросының жаңа құрамы жарияланды. Қазақстан Республикасы OIC-StatCom Бюросы төрағасының орынбасары (Vice-Chair) болып сайланды.

Қазақстанның Бюро төрағасының орынбасары лауазымына сайлануы еліміздің ресми статистика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесінің жоғары бағаланғанын және Комиссияға мүше мемлекеттердің Қазақстанға деген сенімін көрсетеді.

Vice-Chair ретінде Қазақстан Комиссия Бюросының жұмысына, оның ішінде қызметтің басым бағыттарын талқылауға, ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және ресми статистика саласында тәжірибе алмасуға қатысады. Бұл лауазым Қазақстанның халықаралық статистикалық ынтымақтастықты нығайту, озық тәжірибемен алмасу және ресми статистика саласында заманауи тәсілдерді ілгерілету мүмкіндіктерін кеңейтеді.

OIC-StatCom 15-сессиясы аясында статистиканы дамытудың өзекті мәселелері, оның ішінде ИЫҰ-ның 2026-2035 жылдарға арналған болашақ Іс-қимыл бағдарламасын мониторингтеу, халық және тұрғын үй статистикасын жаңғырту, 2025 жылғы Ұлттық шоттар жүйесін енгізу, сондай-ақ Тұрақты даму мақсаттарының көрсеткіштерін мониторингтеу мәселелері талқылануда.

Тізімге оралу