Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Душанбе қаласында өткен конференцияда статистиканың ашықтығы бойынша тәжірибесін бөлісті
30.09.2025
Қазақстан Душанбе қаласында өткен конференцияда статистиканың ашықтығы бойынша тәжірибесін бөлісті
Қазақстан Душанбе қаласында өткен конференцияда статистиканың ашықтығы бойынша тәжірибесін бөлісті
Қазақстан Душанбе қаласында өткен конференцияда статистиканың ашықтығы бойынша тәжірибесін бөлісті
Душанбеде Орталық Азиядағы «Экономикалық дамуға арналған тиімді мемлекеттік басқару» (EGED) бағдарламасының үшінші халықаралық конференциясы өтті.
Сессияларда деректер мен зерттеулердің мемлекетке тұрақты экономикалық өсімге бағытталған тиімді саясат құруға көмегі талқыланды. Фактілерге негізделген шешімдерді енгізу тәжірибесі, сондай-ақ азаматтық қоғамды реформалар мониторингі мен бағалауға тарту жолдары қарастырылды. Әйелдер үшін тең мүмкіндіктер, инвестиция мен жұмыс орындарын құру, климат өзгерісі және халықтың осал топтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Азаматтар пікірін ескере отырып саясатты түзету» атты панель сессиясында Қазақстан ресми статистикаға деген сенімді нығайту тәжірибесін ұсынды. Ұлттық статистика бюросының департамент директоры Гүлмира Бексаутова атап өткендей, тұрақты түрде өткізілетін әлеуметтік зерттеулер, соның ішінде Дүниежүзілік банктің «Қазақстанды тыңдай отырып» жобасы, азаматтардың статистика деген сенімділігі мен ашықтығын қалай бағалайтынын жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.
«Соңғы жылдары Қазақстанда деректерге қолжетімділікті кеңейту үшін бірқатар қадамдар жасалды. Stat.gov.kz сайтының интерфейсі жаңартылды, интерактивті дашбордтар енгізілді, дербестендірілмеген деректер базасымен жұмыс істеу үшін зерттеушінің кабинеті ашылды, 1446 бірыңғай байланыс орталығы құрылды. Пайдаланушыларға арналған сауалнамалар мен онлайн-сессиялар тұрақты өткізіледі, сондай-ақ веб-жарияланымдар мен динамикалық қатарларды қамтитын жаңа форматтағы жарияланымдар шығарылады», – деді ол.
Конференцияны Ұлыбритания үкіметінің қолдауымен Дүниежүзілік банк ұйымдастырды. Іс-шараға Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан 150-ден астам сарапшы мен мемлекеттік орган өкілдері, талдау орталықтары, ғылыми орта және халықаралық ұйымдар қатысты.

Анықтама үшін: EGED – «Экономикалық дамуға арналған тиімді мемлекеттік басқару» бағдарламасы 2020 жылдан 2025 жылға дейін Дүниежүзілік банкпен Орталық Азия елдерінде жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаның мақсаты – басқару тиімділігін арттыру, шешім қабылдау үшін деректерді пайдалануды жақсарту және өңірде тұрақты экономикалық дамуға ықпал ету.

Тізімге оралу