Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан БҰҰ ЕЭК еуропалық статистиктер конференциясына қатысты
22.06.2024
Қазақстан БҰҰ ЕЭК еуропалық статистиктер конференциясына қатысты
Қазақстан БҰҰ ЕЭК еуропалық статистиктер конференциясына қатысты
20-21 маусымда Женевадағы Ұлттар сарайында БҰҰ ЕЭК Еуропалық статистиктер конференциясының 72-ші пленарлық отырысы өтті.

51 ел мен 12 халықаралық ұйымнан келген делегаттар ұлттық статистикалық басқармалар жұмысының стратегиялық бағыттары мен болашақ тенденцияларын талқылады.

Конференцияда статистикалық және геокеңістіктік ақпаратты интеграциялау, ресми статистикада жасанды интеллект пен үлкен тілдік модельдерді пайдалану, 2025 жылғы Ұлттық шоттар жүйесін енгізу, сондай-ақ статистикалық ақпараттың үлгілік моделінің жаңа нұсқасы қарастырылды.

Қазақстан БҰҰ ЕЭК Еуропалық статистиктер конференциясының бастамаларын қолдайды және статистика саласындағы әріптестікке ұмтылады. Іс-шараға қатысу тәжірибе алмасуға, кәсіби біліктілікті арттыруға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

Конференция барысында Әзірбайжан, Беларусь, Ұлыбритания, Польша және басқа да елдермен екіжақты ынтымақтастық мәліметтерді жинау мен өңдеудің жаңа әдістерін қолдану, үлкен деректер мен жасанды интеллект элементтерін пайдалану бойынша тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Машиналық оқыту және жасанды интеллект статистикалық ұйымдардың жұмысын модернизациялауға және автоматтандыруға, сонымен қатар жаңа деректер көздері арқылы өндірістік процестерді оңтайландыру мүмкіндігіне ие.

Сондай-ақ статистикалық әлеуетті арттыруда әдістемелік көмек көрсету үшін БҰҰ ЕЭК Статистика бөлімімен келіссөздер жүргізілді. Осы көмек шеңберінде ағымдағы жылы климаттың өзгеруі статистикасын енгізу бойынша ұсыныстармен Қазақстанның экологиялық статистикасына секторлық шолу жүргізілетін болады.

Тізімге оралу