Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Азия мен Тынық мұхиты аймағында статистикалық жүйелерді дамытуға үлес қосуда
24.06.2024

2024 жылғы 17-19 маусым аралығында Ұлан-Баторда Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) Моңғолияның ұлттық статистика басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған икемді статистикалық жүйелер бойынша өңірлік семинар өтті.

Іс-шара ұлттық азаматтық хал актілерін тіркеу және өмірлік маңызды статистика жүйелерін, соның ішінде жүйені шолу және бизнес-процестерді жақсарту бойынша күш-жігерді нығайту үшін әртүрлі елдердің бас статистиктері мен Ұлттық статистикалық жүйелерді жаһандық бағалау үйлестірушілерін біріктірді. Бұл шара Қазақстанның жаһандық бағалауды жүргізудегі тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік берді. Бұл ретте мұндай бағалауды жүргізу мүмкіндігін қарастыратын елдерді қызықтыратын негізгі мазмұнға, сондай-ақ процестің жекелеген элементтеріне ерекше назар аударылды

Қазақстаннан шараға халықаралық статистикалық ынтымақтастық басқармасының басшысы Салтанат Тұрмағамбетова мен деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаментінің деректер қорының сапасын бақылау басқармасының басшысы Никита Бурмистров қатысты.

Семинар барысында ұлттық статистикалық жүйелерді нығайтуда қол жеткізілген нәтижелер талқыланып, оларды одан әрі жетілдіру бойынша жаңа бастамалар ұсынылды. Статистикалық деректердің тиімділігі мен дәлдігін арттыруға бағытталған «Деректердің күші» бастамасына ерекше назар аударылады.

Іс-шара сондай-ақ «Болашаққа сай икемді статистикалық жүйелер» тақырыбында жоғары деңгейдегі пікірталас алаңы болды, онда қатысушылар статистика саласындағы дамудың негізгі аспектілері мен бағыттары бойынша белсенді пікір алмасты.

Аймақтық семинар Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясының статистикалық жүйелерді дамытуды қолдаудағы стратегиялық күш-жігерін көрсетеді, әсіресе аз дамыған және шағын арал мемлекеттері контекстінде.

Тізімге оралу