Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Ауыл шаруашылығы санағының қорытындылары аграрийлер мен сарапшылармен талқыланды
13.11.2026

Ұлттық статистика бюросында аграрлық қауымдастықтар мен сарапшылар өкілдерінің қатысуымен кездесу өтіп, 2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының қорытындылары таныстырылды.

Санақ нәтижелері аграрлық сектордың негізгі көрсеткіштерін қамтып, оның қазіргі жағдайын талдауға және шешімдер қабылдауға негіз болады. Қатысушылар өзара пікір алмасып, деректерді тәжірибеде пайдалану мүмкіндіктерін талқылады.

Қазақстан фермерлер қауымдастығы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Абуов санақ қорытындыларының практикалық тұрғыдан маңызын атап өтті:

«Бүгін біз өсімдік және мал шаруашылығы салаларындағы шаруашылықтардың саны, субсидиялармен қамтылуы, ауыл шаруашылығы техникасының болуы және жұмыспен қамту туралы жан-жақты деректер алдық. Мұндай мәліметтер жоспарлау және қалыптасқан жағдайды талдау үшін аса қажет. Бюро бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарды және еліміздегі ресми статистикалық деректердің негізгі көзі болып саналады».

Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығының төрағасы Ядыкар Ибрагимов санақты ұйымдастыру ауқымын жоғары бағалады:

«Санақ қорытындылары ауқымды жұмыс атқарылғанын, жергілікті жерлерде қамту деңгейі жоғары болғанын және әдіснаманы әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибе ескерілгенін көрсетті. Сондай-ақ жасанды интеллектіні енгізу және «Талдау» жүйесін дамыту жұмыстары да назар аударуға тұрарлық. Бұл статистикалық ақпаратты пайдаланушыларға түсінікті әрі қолжетімді түрде ұсынуға мүмкіндік береді. Бүгінде мұның маңызы зор. Бюроның сарапшылар пікіріне ашық екенін де атап өткім келеді».

Кездесу статистика, бизнес және сарапшылар қауымдастығы өкілдері арасында кәсіби пікір алмасу алаңына айналды. Қатысушылар ресми деректерді саланы дамыту мақсатында одан әрі пайдалану бағыттарын талқылады.

Тізімге оралу