Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Астанада статистикалық деректердің ашықтығын арттыруға арналған семинар басталды
27.04.2026
Астанада статистикалық деректердің ашықтығын арттыруға арналған семинар басталды
Астанада статистикалық деректердің ашықтығын арттыруға арналған семинар басталды
Астанада статистикалық деректердің ашықтығын арттыруға арналған семинар басталды
Астанада статистикалық деректердің ашықтығын арттыруға арналған семинар басталды
Астанада ресми статистикалық ақпараттың қамтылуын кеңейту және ашықтығын арттыруға арналған үш күндік семинар өз жұмысын бастады. Іс-шара Ұлттық статистика бюросының ұйымдастыруымен, Азия даму банкімен әріптестікте өтуде. Семинарға Open Data Watch ұйымының халықаралық сарапшысы Джеймисон Хеннингер қатысуда. 

Семинар барысында қатысушылар ашық деректер жүйесін дамыту, ұлттық статистиканың халықаралық талаптарға сәйкестігі секілді негізгі мәселелерді қарастырады. 

«ODIN 2024 нәтижелеріне сәйкес, Қазақстан 198 елдің ішінде 44-орынды иеленіп, алдыңғы бағалаумен салыстырғанда өз позициясын жақсартты. Халықаралық ашық деректер рейтингтеріндегі көрсеткіштерді арттыру – біздің басым бағыттарымыздың бірі. Осыған байланысты Ұлттық статистика бюросы статистикалық ақпараттың қамтылуын кеңейтуге, цифрлық платформаларды дамытуға, машинамен оқылатын форматтарды енгізуге және мемлекеттік органдар деректерін интеграциялауға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруда», – деді өз сөзінде Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев. 
Семинар аясында мемлекеттік цифрлық ресурстар, соның ішінде «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесі мен мемлекеттік органдар платформалары таныстырылады. Сарапшы олардың деректердің ашықтығы бойынша халықаралық стандарттарға сәйкестігін, соның ішінде қолжетімділігі, машинамен оқылуы және пайдалануға ыңғайлылығы тұрғысынан бағалайды. 

«Жұмыс барысында біз ұсынымдар әзірлеп, жүзеге асырылуы тиіс қысқа мерзімді қадамдарды талқылаймыз. Біздің мақсатымыз - Қазақстанның ашық деректер саласында жаһандық көшбасшы болуына мүмкіндік беретін нақты бағдарларды айқындау. Сондай-ақ әрі қарай жетілдіруді қажет ететін бағыттарды қарастырамыз», - деп атап өтті Джеймисон Хеннингер.

Тізімге оралу