Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Астанада Орталық Азия елдері үшін статистикалық мәліметтерді визуализациялау бойынша өңірлік семинар басталды
08.10.2025
Астанада Орталық Азия елдері үшін статистикалық мәліметтерді визуализациялау бойынша өңірлік семинар басталды
Астанада Орталық Азия елдері үшін статистикалық мәліметтерді визуализациялау бойынша өңірлік семинар басталды
Астанада Орталық Азия елдері үшін статистикалық мәліметтерді визуализациялау бойынша өңірлік семинар басталды
Астанада Орталық Азия елдері үшін статистикалық мәліметтерді визуализациялау бойынша өңірлік семинар басталды
Астанада Орталық Азия елдері үшін статистикалық мәліметтерді визуализациялау бойынша өңірлік семинар басталды
2025 жылдың 8-10 қазан аралығында Астанада Орталық Азия елдері үшін статистикалық мәліметтерді визуализациялау бойынша өңірлік семинар өтеді. Бұл шараны Ұлттық статистика бюросымен «Astana Tourism» туризмді қолдау орталығы ұйымдастырып отыр. 

Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты аймағы үшін статистикалық институты (SIAP), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Статистика бөлімі (ЭСКАТО), Қазақстанның халықаралық даму агенттігі KazAID және Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) сияқты серіктестермен бірлесіп өткізіліп жатыр. 

Семинардың мақсаты – Орталық Азия елдерінің статистикалық органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру. Қатысушылар R, Tableau, Apache Superset және басқа да құралдарды пайдалана отырып, статистикалық мәліметтерді визуализациялаудың заманауи әдістерін меңгереді. 

Бағдарлама визуализация негіздерінен бастап, интерактивті аналитикалық панельдер мен дашбордтар құруға дейін кең ауқымды тақырыптарды қамтиды. Бұл қатысушыларға болашақта статистикалық деректерді визуалды, қолжетімді әрі түсінікті түрде ұсынуға мүмкіндік береді. 

Іс-шараға Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанның ұлттық статистикалық органдары өкілдері және Қазақстаннан, оның ішінде Ұлттық статистика бюросының, Ақпараттық-есептеу орталығы қызметкерлері мен Astana International University оқытушылары қатысуда. 

«Орталық Азия елдерінен келген әріптестеріміз бен халықаралық ұйымдардың өкілдерін қабылдау - біз үшін үлкен құрмет. Статистика басқару мен шешім қабылдауда барған сайын маңызды рөл атқаруда, ал мәліметтерді визуализациялау ақпаратты кең аудиторияға қолжетімді әрі түсінікті етеді. Бұл семинар тек білім алаңына ғана емес, сондай-ақ жаңа серіктестік орнатуға, білім алмасуға және кәсіби өсуге жол ашатын платформа болады деп сенеміз. Қазақстан статистикалық жүйені дамытуға және халықаралық ынтымақтастыққа зор мән береді, біз осы үдерістің бір бөлігі болуға қуаныштымыз», – деді ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Гүлмира Қарауылова. 
«KazAID статистика саласындағы жобаларды қолдауды аймақтың тұрақты дамуына қосқан үлес деп санайды. Сенімді әрі визуалды түрде түсінікті мәліметтер – тиімді саясат жүргізу, инвестициялар тарту және халықаралық ынтымақтастықтың негізі. Біз Орталық Азиядағы серіктестеріміздің кәсіби деңгейін көтеруге және білім алмасуға қолдау көрсетуге қуаныштымыз. Бұл семинар өңірдің ортақ дамуының, бірлесіп жұмыс істеуінің үлгісі», – деді KazAID Қазақстан халықаралық даму агенттігінің басқарушы директоры Аркен Арыстанов. 
Үш күн бойы семинар қатысушылары визуализацияның теориялық негіздерін және нақты статистикалық деректер жиынтығы негізіндегі практикалық жаттығуларды меңгереді. Арнайы назар интерактивті дашбордтар жасауға бөлінген, олар қатысушы елдердің аймақтық ерекшеліктеріне бейімделген. 

Бағдарлама соңында қатысушылар алған білімдерін өз жұмыстарына енгізе отырып, статистиканың сапасы мен қолжетімділігін аналитиктерге, басқарушыларға және кең қоғамға жақсартуға ықпал етеді.

Тізімге оралу