Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Астанада Қазақстандағы өнеркәсіп статистикасын жетілдіруге арналған семинар өтіп жатыр
30.09.2024

Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіпті дамыту жөніндегі ұйымының (ЮНИДО) сарапшылары Астанада Бюроның орталық аппараты, аумақтық статистика органдары және «Ақпараттық-есептеу орталығының» мамандарының қатысуымен «Қазақстанның өнеркәсіп статистикасын халықаралық стандарттармен үйлестіру» атты үш күндік семинар өткізіп жатыр.

Семинардың мақсаты – Қазақстандағы өнеркәсіп статистикасын халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіру және үйлестіру, бұл деректер сапасын арттыру және оларды талдау мен жоспарлауда одан әрі пайдалану үшін ерекше маңызды.

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев өз сөзінде ЮНИДО статистика бөліміне еліміздің статистикалық әлеуетін арттырудағы ынтымақтастығы мен қолдауы үшін алғысын білдірді.
«Біз қызметкерлеріміздің үнемі кәсіби дамып отыруына мүдделіміз. Адами әлеуетті дамыту жөніндегі бағдарламаларға қатысу – біздің халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығымыздағы басымдықтардың бірі. Аталмыш семинар Қазақстандағы статистикалық деректер сапасын жақсартудағы маңызды қадам болатынына және халықаралық қоғамдастықпен статистикамыздың интеграциялануына көмектесетініне сенімдіміз», – деп атап өтті Мақсат Тұрлыбаев.

Семинардың басында сарапшылар Өнеркәсіп статистикасы бойынша халықаралық ұсыныстарға шолу жасады. ЮНИДО кеңесшісі Шьям Упадъяя өнеркәсіп статистикасының негізгі көрсеткіштері мен міндеттері туралы егжей-тегжейлі айтып, жоғары стандарттарға қол жеткізу үшін оларды орындаудың маңыздылығын атап өтті.

Семинарда сондай-ақ кәсіпорын демографиясы, өнеркәсіптегі цифрлық экономика, эксперименттік есептеулер, деректерді жинау және өңдеу, сондай-ақ салалық статистиканың сапасын арттыру үшін автоматтандырылған процестерді енгізу тақырыптары талқыланады.

Айта кетейік, семинарды Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіпті дамыту жөніндегі ұйымы «Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның кейбір елдерінде өнеркәсіптік статистиканы жетілдіру және өнеркәсіптік дамуды талдау үшін статистикалық көрсеткіштерді әзірлеу» өңірлік жобасының ІІ кезеңі аясында ұйымдастырды.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші