Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қарағанды облысында әкімшілік деректердің сапасын арттыру мәселелері талқыланды
24.07.2026
Қарағанды облысында әкімшілік деректердің сапасын арттыру мәселелері талқыланды
Қарағанды облысында әкімшілік деректердің сапасын арттыру мәселелері талқыланды
Қарағанды облысында әкімшілік деректердің сапасын арттыру мәселелері талқыланды
Қарағанды облысында әкімшілік деректердің сапасын арттыру мәселелері талқыланды
Қарағанды облысында әкімшілік деректердің сапасын арттыру мәселелері талқыланды
2026 жылғы 21-24 шілде аралығында ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды. Сапардың негізгі мақсаты – Қарағанды облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментіне әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету.

2026 жылғы 24 шілдеде Қарағанды облысы әкімдігі ғимаратында «Деректер сапасы» және «Әкімшілік деректер сапасын бағалау нәтижелері» тақырыптарында семинар өтті. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың 233 өкілі, кенттер, ауылдар және ауылдық округтердің әкімдері, Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің, аумақтық ветеринариялық инспекцияның мамандары, сондай-ақ Қарағанды облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің қызметкерлері қатысты.

Негізгі баяндамаларды ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Деректер сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаментінің Дерекқорлардың сапасын бақылау басқармасының басшысы Жанар Серіикбаева және Ұлттық статистика бюросының «Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК Деректер сапасын бақылау департаментінің data-талдаушысы Алибек Кариполлин жасады.
Семинар барысында шаруашылықтық есепке алуды жүргізу, мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, әкімшілік деректердің сапасын арттыру, Ұлттық статистика бюросының цифрлық трансформациясы мәселелері қаралды. Сондай-ақ әкімшілік деректердің сапасын бағалау нәтижелері мен Қарағанды облысының әрбір ауданы бойынша анықталған сәйкессіздіктерге жүргізілген талдау таныстырылды.

Іс-шара барысында сапалы әкімшілік деректердің ресми статистикалық ақпаратты қалыптастырудағы, тиімді басқарушылық шешімдер қабылдаудағы және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдірудегі маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар әкімшілік дереккөздермен жұмыстың сапасын одан әрі арттыруға және өңірдегі статистикалық деректерді қалыптастыру үдерістерін жетілдіруге бағытталған практикалық ұсынымдар мен әдістемелік түсіндірмелер алды.

Тізімге оралу