Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
AI TALDAU «Талдау» сарапшылар қауымдастығының мүшелеріне таныстырылды
12.11.2026
AI TALDAU «Талдау» сарапшылар қауымдастығының мүшелеріне таныстырылды
AI TALDAU «Талдау» сарапшылар қауымдастығының мүшелеріне таныстырылды
AI TALDAU «Талдау» сарапшылар қауымдастығының мүшелеріне таныстырылды
AI TALDAU «Талдау» сарапшылар қауымдастығының мүшелеріне таныстырылды

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросында Taldau сарапшылар қауымдастығының мүшелеріне AI TALDAU интеллектуалды көмекшісінің таныстырылымы өтті.

Бюро басшысының орынбасары Еркебұлан Иембердиев ведомство жұмысындағы жаңашылдықтар, ұлттық статистиканы цифрлық трансформациялау және жасанды интеллектіні енгізу бағыттары туралы айтып берді.

Енді қажетті статистикалық деректерді табу үшін жасанды интеллектке сұрақ қою жеткілікті. Көмекші қажетті деректерді алуға, өңірлер көрсеткіштерін салыстыруға, әр кезеңдегі өзгерістерді бақылауға және негізгі үрдістерді анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, пайдаланушы белгілі бір өңірдегі орташа жалақының соңғы бес жылдағы өзгерісін біле алады немесе Қазақстан облыстары бойынша халық санын салыстыра алады.

Жауаптар кестелер, графиктер, диаграммалар және талдамалық материалдар түрінде ұсынылады. AI TALDAU қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Дайын нәтижелерді PDF, Word, PowerPoint және Excel форматтарында сақтауға болады.

Интеллектуалды көмекшімен қатар «Талдау» жүйесі де жаңартылды. Интерфейс ыңғайлы болып, навигация мен деректерді іздеу мүмкіндіктері жетілдірілді. Пайдаланушылар кестелерді өз бетінше құрастырып, көрсеткіштерді салыстырып, графиктер жасап, ақпаратты одан әрі талдау үшін жүктей алады.

Кездесу барысында қатысушылар платформаның жаңартылған мүмкіндіктерімен танысып қана қоймай, жасанды интеллектінің қажетті ақпаратты жылдам табуға және статистикалық деректердің үлкен көлемімен жұмыс істеуге қалай көмектесетінін көрді.

Жаңартылған «Талдау» жүйесі мен AI TALDAU интеллектуалды көмекшісі барлық пайдаланушыларға, соның ішінде азаматтарға, кәсіпкерлерге, журналистерге, зерттеушілерге, талдаушыларға және мемлекеттік органдар өкілдеріне қолжетімді.

Тізімге оралу