«Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 2024 жылғы қаңтар-қазанда өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 107,3% құрады.
Саланың жалпы көлеміндегі елеулі үлес көтерме саудаға тиесілі, оның үлес салмағы 67,3%, бөлшек сауданікі – 32,3%.
Бөлшек сауда көлемі 2024 жылғы қаңтар-қазанда 17 096,7 млрд теңгені құрады немесе 2023 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 8,7% жоғары. Саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 11 316,5 млрд теңгені құрады немесе 2023 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 5,9% жоғары болды.
Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 32,6% құрады, азық-түлік емес тауарлар – 67,4%.
2024 жылғы 1 қарашаға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 605,1 млрд теңгені, сауда күндерінде 63 күнді құрады.
2024 жылғы қаңтар-қазандағы республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы қаласына (33,1%), Астана қаласына (13%), Қарағанды (7,6%) және Шығыс Қазақстан (5,6%) облыстарына тиесілі.
Көтерме сауда көлемі 2024 жылғы қаңтар-қазанда 35 687,4 млрд теңгені немесе 2023 жылғы тиісті кезең деңгейіне 106,6% құрады. Көтерме тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер басым (81,4%).
2024 жылғы 1 қарашаға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі көтерме саудада 2 199,2 млрд теңгені, сауда күндерінде 42 күнді құрады.
2024 жылғы қаңтар-қазанда Республиканың көтерме саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмақ Алматы (36,6%) мен Астана қалаларына (16,6%), Атырау (14%) және Қарағанды облыстарына (6,4%) тиесілі.