2024 жылғы қаңтарда 146,4 мың бірлік автокөлік есепке қойылды1), бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,3% артық, оның ішінде автобустар 44,1%, жүк автомобильдері 11,4 және жеңіл автомобильдер саны 15,3% артты.
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 348,9 мың бірлікті құрады, оның 88,1% – жеңіл автомобильдер, 9,8% – жүк және 2,1% – автобустар.
Тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санының ең үлкен үлесі (44,6%) қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 текше см. дейін жеңіл автомобильдер, қозғалтқыш көлемі 1500 текше см. дейінгілер үлесі – 18,6%, 2000-2500 текше см – 17,4%, 2500-4000 текше см дейін – 15,1% және 4000 текше см жоғары – 1,9%. Қозғалтқыш көлемі 1500-2000 текше см. дейінгі жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында – 229,1 мың бірлік, Алматы – 210,7 мың бірлік және Астана қалаларында – 162,5 мың бірлік.
Сонымен қатар, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электр қуатымен жүретін жеңіл автомобильдер саны 9,2 есеге, яғни 914-тен 8 366 бірлікке дейін өскен. ең көп электромобильдер саны Алматы – 4946 бірлік және Астана қалаларында – 1044 бірлік, сондай-ақ Алматы облысында – 379 бірлік.
1)Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.