Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
29 қарашада Qazdatathon байқауының финалы өтеді
17.11.2023
29 қарашада Qazdatathon байқауының финалы өтеді
Бюро дата-жобалар конкурсына қатысу өтінімдерін қабылдауды аяқтады. 

Өтінімдер Астана, Алматы, Көкшетау, Петропавл, Атырау және Шымкент қалаларынан, барлығы 32 командадан келіп түсті. Байқауға Astana IT University, Nazarbayev University, Narxoz, Қазақстан-Британ техникалық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті,  С. Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті, Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Тұран-Астана университеті, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,   M. Narikbayev university, Сүлеймен Демирел университеті. Сондай-ақ әр түрлі ұйымдар атынан 7 команда бағын сынап көруге бел буды. 

«Qazdatathon 2023» былтырғы байқаудан жобалар бойынша аралық нәтижелерді ұсыну бойынша талаптарды белгілеумен, сондай-ақ тәлімгерліктің орнына воркшоптар өткізумен ерекшеленеді. 

Бұл өзгерістер командалардың тиімділігін арттыру және қолдаудың неғұрлым интерактивті түрін қамтамасыз ету үшін енгізілді.
 
Командалар байқау финалында халықтың өмір сүру деңгейі жөніндегі деректер негізінде әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қамтитын  жоба шешімдерін таныстырады.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші