Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
2026 жылы Қазақстан Республикасында ересектердің темекіні тұтынуы
15.07.2026
2026 жылы Қазақстан Республикасында ересектердің темекіні тұтынуы
2026 жылы Қазақстан Республикасында ересектердің темекіні тұтынуы

2026 жылдың қаңтарында Ұлттық статистика бюросы ересек тұрғындар арасында темекіні тұтыну туралы кезекті жыл сайынғы сауалнама жүргізді. Сауалнама республиканың барлық облысын, сондай-ақ, Астана, Алматы және Шымкент қалаларын қамтыды. Оған 15 жастан асқан 12 000 үй шаруашылығының бір мүшесі қатысты.

Нәтижелер көрсеткендей, зерттелген үй мүшелерінің жалпы санынан қазіргі уақытта халықтың 15,1% темекі шегеді, 2025 жылмен (17,5%) салыстырғанда 2,4 п.т. төмен. Ауылдық жерлерде темекі тұтынатындардың үлесі - 17,8%, қалалық жерлерде  14,0%. Темекі тұтынатындар арасында ерлер 30,5%, ал әйелдер - 4,9% құрайды. Темекі тұтынатын халықтың жалпы санының 98,6% өнеркәсіпте шығарылған темекі түрін шегеді, 0,4% электронды темекілер, 0,9% «IQOS», «GLO» тәрізді темекіні қыздыру құрылғысын, 0,1% темекі өнімдерінің басқа түрлерін тұтынады.   


*2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша Ұлттық статистика бюросы елдегі ересек халықтың темекі тұтынуы бойынша зерттеу жүргізеді.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  «Ересек халықтың темекі тұтынуы» (ағылш. - GATS).  бойынша жахандық зерттеудің халықаралық әдіснамасына сәйкес.



Тізімге оралу