2026 жылғы қазан айында 172,2 мың автокөлік құралы есепке қойылды, оның ішінде жеңіл автомобильдер – 153,8 мың бірлік, жүк автомобильдері – 9,9 мың бірлік, автобустар – 1,3 мың бірлік, мотоциклдер – 0,8 мың бірлік, тіркемелер – 4,6 мың бірлік және өзге де көлік құралдары – 1,8 мың бірлік.
2026 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6 140,7 мың бірлікті құрады, оның ішінде 83,9%-ы – жеңіл автомобильдер, 8,1%-ы – жүк автомобильдері, 4,3%-ы – тіркемелер, 1,5%-ы – автобустар, 1,2%-ы – мотоциклдер және 1%-ы – өзге де көлік құралдары.
Пайдаланылатын отын түрлері бойынша көлік құралдарының 79,9%-ы бензинмен жүреді, 7,5%-ы дизель отынын пайдаланады, аралас отындағы көлік құралдарының үлесі – 6,5%. Жалпы көлік құралдарының ішінде газбен жүретін көліктердің үлесі 0,4%-ды құрады. Сонымен қатар, электр қуатымен жүретін 43 056 көлік құралы тіркелген, бұл жалпы көлік санының 0,7%-ын құрайды.
Электр қуатын пайдаланатын көлік құралдарының ең көп саны келесі өңірлерде тіркелген:
Алматы қаласында – 22 065 бірлік;
Астана қаласында – 3 662 бірлік;
Алматы облысында – 3 120 бірлік;
Ақмола облысында – 1 805 бірлік.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша