Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында құрылыс жұмыстарының орындалуы туралы
17.09.2026
2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында құрылыс жұмыстарының орындалуы туралы

2026 жылғы қаңтар-тамызда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 15,6% өсіп, 6 089,4 млрд теңгені құрады. Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 88,6%, шетелдік – 10,6%, мемлекеттік – 0,8% орындалды.

Айта кетейік, 2026 жылғы қаңтар-тамызда құрылыс жұмыстары көлемінің 2025 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда өсуі ғимараттарды салу және жөндеу жұмыстарына (20%) байланысты.

2026 жылғы қаңтар-тамызда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті автомобиль, темір жолдары мен метролар (25,5%), тұрғын емес ғимараттар (21,4%) және тұрғын үйлердің (12,8%) құрылысы алады.

Аумақтық бөлінісінде республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Ұлытау (2,9 есе), Павлодар (41,4%), Атырау (37,3%), Қызылорда (26,9%), Түркістан (23,5%), Қостанай (21,4%), Абай (20,6%), Шығыс Қазақстан (20,4%), Батыс Қазақстан (13,4%) және Маңғыстау облыстарында (13,1%), Алматы (16,7%), Шымкент (13,9%) және Астана (13,4%) қалаларында байқалады.

2026 жылғы қаңтар-тамызда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 14 214,7 мың шаршы метрді құрады. 

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2025 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 3,6% көбейіп, 11 326,1 мың шаршы метрді құрады, олардан 7 500,4 мың шаршы метр – көп пәтерлі және 3783,7 мың шаршы метр – жеке  үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 10 841 мың шаршы метрді немесе 95,7%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 3 992,1 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген. 

2026 жылғы қаңтар-тамызда білім беру және денсаулық сақтау саласында 19 620 оқу орнына арналған 36 жалпы білім беретін мектеп, 4 457 орынға арналған 33 мектепке дейінгі ұйым және ауысымда 198 келіп-кетушіге арналған 6 амбулаториялық-емханалық ұйым, сондай-ақ ауруханаға 120 төсек-орын қосымша пайдалануға берілді.




Тізімге оралу