2026 жылғы қаңтар-наурызда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 14,8% өсіп, 1231,4 млрд. теңгені құрады. Құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі негізінен құрылыстарды салу және жөндеу жұмыстарының ұлғаюымен (37,5%-ға) байланысты.
Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең үлкен үлесті автомобиль және теміржол жолдарын, сондай-ақ метрополитенді салу жұмыстары (жалпы көлемнің 25,5%), тұрғын емес ғимараттар (22%) және тұрғын үйлер (11,6%) алады.
Өңірлік бөліністе құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі республиканың 16 өңірінде байқалды. Айтарлықтай өсім Ұлытау облысында (2 есе), Жамбыл облысында (52,7%), Павлодар облысында (26,6%), Маңғыстау облысында (23,1%), Қызылорда облысында (22%-ға), Батыс Қазақстан облысында (17,4%-ға), Түркістан облысында (17,4%) және Шығыс Қазақстан облысында (15,9%), сондай-ақ Шымкент қаласында (49,2%) және Алматы қаласында (22,7%) тіркелді.
2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында пайдалануға берілген жаңа нысандардың жалпы алаңы 4 846,9 мың шаршы метрді құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 2025 жылғы қаңтар–наурызбен салыстырғанда 3,8%-ға өсіп, 3 869,4 мың шаршы метрге жетті.
.png)