2026 жылғы қаңтар-маусымда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 15,2% өсіп, 4072,1млрд. теңгені құрады.
Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 91,1%, шетелдік – 8,3%, мемлекеттік – 0,6% орындалды.
2026 жылғы қаңтар–маусым айларында құрылыс жұмыстары көлемінің 2025 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда артуы ғимараттар мен құрылыстарды салу және жөндеу жұмыстары көлемінің 22,5%-ға өсуіне байланысты.
2026 жылғы қаңтар-маусымда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті автомобиль, теміржолдары мен метролар (24,2%), тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 21,5%) және тұрғын үйлердің (13,2%) құрылысы алады.
Өңірлер бөлінісінде құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі республиканың он жеті өңірінде байқалды. Едәуір өсім Ұлытау облысында (3,3 есе), Қызылорда (31,3%), Абай (31%), Павлодар (29,6%), Қостанай (26%), Түркістан (25,5%), Шығыс Қазақстан (22,3%), Атырау (19,7%), Батыс Қазақстан (17,1%) және Жамбыл облысында (13,4%), сондай-ақ Алматы (22,5%) және Шымкент (12,9%) қалаларында тіркелді.
2026 жылғы қаңтар-маусымда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 10611,1мың шаршы метрді құрады.
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру
2026 жылғы қаңтар-маусымда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2025 жылғы қаңтар–маусыммен салыстырғанда 6,7% артып, 8 466,7 мың шаршы метрді құрады. Оның ішінде 5 754,6 мың шаршы метрі – көппәтерлі тұрғын үйлер, 2 689,9 мың шаршы метрі – жеке тұрғын үйлер. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің басым бөлігі – 8 088,2 мың шаршы метр немесе 95,5%-ы жеке құрылыс салушылардың үлесіне тиесілі. Оның ішінде халықтың өз қаражаты есебінен салынған тұрғын үйдің жалпы ауданы 2 850,3 мың шаршы метрді құрады.
2026 жылғы қаңтар–маусымда білім беру және денсаулық сақтау салаларында 16 640 оқушы орнына арналған 30 жалпы білім беретін мектеп, 3 297 орынға арналған 30 мектепке дейінгі ұйым, бір ауысымда 105 келушіні қабылдайтын 3 амбулаториялық-емханалық ұйым және 120 төсек-орынға арналған ауруханаға қосымша ғимарат пайдалануға берілді.