Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
2026 жылғы қаңтар-мамырда құрылыс жұмыстарының орындалуы және объектілерді пайдалануға беру туралы
17.06.2026
2026 жылғы қаңтар-мамырда құрылыс жұмыстарының орындалуы және объектілерді пайдалануға беру туралы

2026 жылғы қаңтар-мамырда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 13,4% өсіп, 2410 млрд. теңгені құрады.

Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 87,9%, шетелдік – 11,4%, мемлекеттік – 0,7% орындалды.

2026 жылғы қаңтар-мамырда құрылыс жұмыстары көлемінің 2025 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда ұлғаюы ғимараттар (41,2%) мен құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарына байланысты.

2026 жылғы қаңтар-мамырда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті автомобиль, теміржолдары мен метролар (26,3%), тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 20,4%) және тұрғын үйлердің (11,9%) құрылысы алады.

Аумақтық бөлінісінде республиканың он тоғыз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Ұлытау облысы (3,2 есе), Шымкент (31,8%) және Алматы қалаларында (27,2%), Қызылорда (27,1%), Жамбыл (22,8%), Абай (20,9%), Павлодар (19,6%), Батыс Қазақстан (18%) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (11,5%), байқалады.


Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру

2026 жылғы қаңтар-мамырда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 7876,1 мың шаршы метрді құрады.  

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2025 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 4,5% көбейді, 6293,4 мың шаршы метрді құрады, олардан 4223,1 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 2050 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 6094,7 мың шаршы метрді немесе 96,8%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 2136,2 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.

 

 

 

 


Тізімге оралу