Бір жылда (2024 жылғы ақпанға қарағанда 2025 жылғы ақпанда) жаңа тұрғын үйлер 4,8%, қолданыстағы пәтерлерді саудалау нарығында баға 5,4% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі былтырғы тиісті аймен салыстырғанда 12% жоғарылады.
Өңірлер бөлінісінде жаңа тұрғын үйдің жылдық мәндегі бағасы Павлодар – 16,3% және Көкшетау қаласында15% едәуір қымбаттады. Қолданыстағы пәтер нарығында баға өсімінің көшін Атырау (18,7%), Қонаев (14,4%), ал тұрғын үйді жалға алу нарығында Талдықорған (31,1%), Астана (29,3%), Семей (22%) қалалары бастап тұр.
Бір айдың ішінде (2025 жылғы ақпан2025 жылғы қаңтарға) жаңа тұрғын үйді сату – 1%, ал пәтерлерді қайта сату 0,9% өсті.Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,6 қымбаттады. |
ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша іріктелген байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпарат сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жиналады, бұл ретте пәтердің бастапқы және алдын ала таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады.
2025 жылғы ақпан айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 29 022 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 6 332 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 22 690 мәміле жасалды. 2025 жылдың қаңтарымен салыстырғанда (30 917) тұрғын үйді алып-сату көрсеткіші 6,1%-ға азайды. Мәмілелер саны бойынша Астана (5 702 – 19,6%) және Алматы (5 560 – 19,2%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 343 – 8,1%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 366 мәміле (1,3%).
2025 жылдың қаңтарымен салыстырғанда ақпанда ең көп өсім Павлодар (+17,3%), Солтүстік Қазақстан (+11,9%) және Алматы (+9,3%) облыстарында тіркелді. Ал бір айдағы ең көп төмендеу Қызылорда (-24,8%), Атырау (-23,9%) облыстарында және Астана (-12,9%) қаласында орын алды.
2025 жылдың қаңтарымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 8,4%-ға (2 074 мәмілеге) азайды. 2025 жылдың ақпан айында пәтерлер бойынша барлығы 22 690 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 78,2%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (24,7%), Алматы (22,5%) қалаларына және Қарағанды облысына (8,8%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2025 жылдың ақпан айында олар бойынша 8 647 мәміле ресімделген.
2025 жылғы қаңтармен салыстырғанда ақпанда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 2,9%-ға (179 мәмілеге) өсті. Ақпанда барлығы 6 332 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең көп өсімі СҚО (+36,7%), Алматы қаласында (+27,1%) және Павлодар облысында (+21,8%) байқалды. Мәмілелер санының ең үлкен төмендеуі Ақтөбе (-27,4%), Қызылорда (-22%) және Атырау (-11,7%) облыстарында тіркелді.
2025 жылғы ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырғы ақпанмен салыстырғанда 5%-ға азайған, ол кезде 30 534 мәміле ресімделген болатын. Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Ұлытау облысында (51,2%) байқалды, ең үлкен төмендеу – Қызылорда облысында (-22,9%). 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы мәмілелер санын 2024 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы мәмілелер санымен салыстырғандағы төмендеу – 3,7%.