Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
2024 жылы үй шаруашылықтарының азық-түлік өнімдерін тұтынуы туралы
28.04.2025
2024 жылы үй шаруашылықтарының азық-түлік өнімдерін тұтынуы туралы

Бюро тұрмыс деңгейі бойынша 12 000 үй шаруашылығы арасында жүргізілген іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша есептелген азық-түлік өнімдерін тұтыну деректерін жариялады.

2024 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда нан өнімдері және жарма өнімдері тобынан басқа барлық азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтыну көрсеткішінің өскені байқалды.


Азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша тұтыну халықтың жан басына шаққанда 2024 жылы айына орташа алғанда келесідей болды: картоп – 3,8 кг, бірінші сұрыптағы бидай ұнынан пісірілген нан – 2,3 кг, сиыр еті – 2,1 кг, алма - 1,5 кг, құмшекер - 1,4 кг, күріш – 1,3 кг, шикі сүт – 1 л, айран – 1 л, жұмыртқа – 17,2 дана, макарон – 0,8 кг, жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,7 кг, қара шай – 0,1 кг.

Орташа жан басына шаққандағы негізгі тамақ өнімдерін тұтыну –қарастырылып отырған уақыт ішінде үй шаруашылығының бір мүшесімен орташа тұтынған тамақ өнімдерінің (әрбір өнімнің түрі бойынша бөлек) саны. Ол азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерін тұтынудың көлемін үй шаруашылығының бар мүшелерінің санына бөлу жолымен есептеледі. Ірілендірілген топтар бойынша тұтыну құрамдастарды бастапқы өнімге қайта есептеу есебімен анықталады.



Тізімге оралу

Онлайн кеңесші