Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
2024 жылғы наурыздағы тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі мен мәмілелер саны
09.04.2024
2024 жылғы наурыздағы тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі мен мәмілелер саны

Жылдық мәнде наруызда (2023 жылғы наурызға қарағанда) тұрғын үй нарығындағы баға бойынша келесі өзгерістер болды, жаңа тұрғын үйлер бағасы 1,3% өсті, қолданыстағы пәтерлердің сауда бағасы 2,3% төмендеді, үйді жалға алу төлемі болса, 2,3% жоғарылады.

Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтөбе – 8,9%, Қызылорда 7,1% қалаларында айтарлықтай қымбаттады. Қолданыстағы пәтерлер нарығында – Атырау (10,8%), Талдықорған (8,8%) қалаларында, ал тұрғын үйді жалға алу нарығында – Қарағанды (23%), Жезқазған (22,4%), Атырау және Талдықорған қалаларында (әрқайсында 21%-дан).


Бір айдың ішінде (2024 жылғы наурыз 2024 жылғы ақпанға) пәтерлерді қайта сату бағасы 0,2% өсті, ал жаңа тұрғын үйді сату бағасы керісінше 0,4% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі наурызда алдыңғы аймен салыстырғанда 0,6% төмендеді.


2024 жылғы наурыз айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 26 389 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 5 574 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 20 815 мәміле жасалды. 2024 жылдың ақпанымен салыстырғанда (30 534) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 13,6% азайды. Мәмілелер саны бойынша, бұрынғыдай, Алматы (5 191 – 19,7%) және Астана (5 012 – 19%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 071 – 7,8%) көш бастап тұр.

2024 жылдың ақпанымен салыстырғанда наурызда еліміздің барлық өңірі бойынша теріс динамика байқалды. Бір айдағы ең үлкен төмендеу Павлодар облысында (-29%), сонымен қатар, көшбасшылығына қарамастан, Алматы қаласында (-19,3%) және Жетісу облысында (-16,4%) тіркелді. Айтарлықтай тұрақтылық Абай облысында, мұнда мәмілелер саны бір айда не бәрі 0,2% азайған.

2024 жылдың ақпанымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 15,1% (3 702 мәмілеге) азайды. 2024 жылдың наурыз айында пәтерлер бойынша барлығы 20 815 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 78,9%. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (23,6%), Алматы (23,1%) қалаларына және Қарағанды облысына (8,4%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2024 жылдың наурыз айында олар бойынша 8 067 мәміле ресімделген.

2024 жылдың ақпан айымен салыстырғанда, наурызда жеке тұрғын үйлер бойынша да мәмілелер саны 7,4% немесе 443 мәмілеге азайды. Наурызда барлығы 5 574 мәміле тіркелген. Сонымен қоса, азаю еліміздің барлық аймақтарында байқалды. Оң көрсеткіш тек Алматы (+3,1%), Ақмола (+2,6%) және Абай (+0,6%) облыстарында тіркелді. Ең үлкен төмендеу Атырау (-21,8%) облысында және Астана (-19%), Алматы (-17,6%) қалаларында орын алды.

2024 жылдың наурызында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 8,7% көбейген, ол кезде 24 273 мәміле ресімделген болатын. Мәмілелер санының ең жоғары өсімі Астана қаласында (36,8%-ға) байқалды, ең үлкен төмендеу – Маңғыстау облысында (17,2%-ға). 2024ж. қаңтар-наурыз айларындағы мәмілелер санының 2023ж. қаңтар-наурыз айларындағы мәмілелер санымен салыстырғандағы өзгеріс динамикасы +21,9%.





ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша іріктелген байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпарат сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жиналады, бұл ретте пәтердің бастапқы және таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады.

Тізімге оралу