Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
2024 жылғы IV тоқсандағы жалақы
10.02.2025
2024 жылғы IV тоқсандағы жалақы

Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2024 жылғы IV тоқсанда бағалау бойынша 308 717 теңгені құрады. Шағын кәсіпорындарды есепке алмағандағы атаулы жалақының орташа мәні 2024 жылғы IV тоқсанда 434 982 теңгені құрады. 2023 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 10,5%-ды, нақты мәнде – 1,8%-ға өсті. IV тоқсанда орташа жалақы мөлшерінің өсуі жыл қорытындысы бойынша берілетін қосымша төлемдер мен мерекелік сыйақылар есебінен еңбекақы қорының ұлғаюымен байланысты.

2023 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі ақпарат және байланыс – 32,8%-ға, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 22,7%-ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 20,3%-ға салаларында байқалды. Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде– 7,6%-ға, білім беруде орташа айлық жалақы– 5%-ға өсті.


Өңірлік бөліністе 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың IV тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Алматы және Шымкент қаласында –13,6%-ға,  Қарағанды облысында – 13,2%-ға, Солтүстік Қазақстан облысында – 12,9%-ға және Ақтөбе облысында – 12,6%-ды құрады.

Өңірлер арасындағы орташа айлық номиналды жалақының ең жоғарғы және ең төменгі мәндері арасындағы арақатынас 2024 жылғы IV тоқсанда 2,1 есені құрады.


Тізімге оралу

Онлайн кеңесші