14.05.2024
2024 жылғы I тоқсандағы жалақы
Қазақстан Республикасы бойынша атаулы жалақының орташа мәні 2024 жылғы I тоқсанда* 382 279 теңгені құрады. 2023 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 12,3%, нақты мәнде – 2,7% болды. Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2024 жылғы I тоқсанда бағалау бойынша 251 997 теңгені құрады.
2023 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі қаржы және сақтандыру қызметі – 29,7%, жылжымайтын мүлік операциялары – 23%, ақпарат және байланыс – 21% салаларында байқалды. Білім беруде орташа айлық жалақының өсуі 9,2%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 7,8% құрады.
Өңірлік бөліністе 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Батыс Қазақстан облысында – 18,2%-ға, Алматы қаласында – 16,4%-ға, Ақтөбе облысында – 16,1%-ға, Павлодар облысында – 15,9% байқалды.
Өңірлер арасындағы орташа айлық номиналды жалақының ең жоғарғы және ең төменгі мәндері арасындағы арақатынас 2024 жылғы I тоқсанда – 2,2 есе.
*Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда.
Тізімге оралу