Бір жылда (2024 жылғы қараша 2023 жылғы қарашаға) жаңа тұрғын үйлердің және қолданыстағы пәтерлердің бағасы 3,4%-дан өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2024 жылғы қарашада 7% жоғарылады.
Өңірлер бөлінісінде жаңа салынған үйлер нарығында жылдық мәнде баға Ақтөбе қаласында – 11%, Көкшетау қаласында – 10,1%, Тараз қаласында 10% едәуір қымбаттады. Қолданыстағы үйлер нарығында баға өсімінің лидері – Атырау (16,7%), Астана, Көкшетау қалалары (9,8%-дан), тұрғын үйді жалға алу нарығында – Орал (24,2%), Шымкент (24,1%), Талдықорған (20,8%) және Петропавл қалалары (20,5%).
Бір айдың ішінде (2024 жылғы қараша 2024 жылғы қазанға) жаңа тұрғын үйді сату, пәтерлерді қайта сату, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,4%-дан жоғарылады. |
2024 жылғы қараша айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 39 421 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 165 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 31 256 мәміле жасалды. 2024 жылдың қазанымен салыстырғанда (39 143) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 0,7%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша Алматы (7 533 – 19,1%) және Астана (6 968 – 17,7%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 995 – 7,6%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 491 мәміле (1,2%).
2024 жылдың қазанымен салыстырғанда қарашада ең көп өсім Павлодар (+18,5%), Түркістан (+15,9%) және Алматы (+15,2%) облыстарында тіркелді. Ал бір айдағы ең үлкен төмендеу Абай (-20,0%), Қызылорда (-16,1%) және Шығыс Қазақстан (-12,5%) облыстарында болды.
2024 жылдың қазанымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 2,6%-ға (803 мәмілеге) көбейді. 2024 жылдың қараша айында пәтерлер бойынша барлығы 31 256 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 79,3%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Алматы (22,3%), Астана (21,9%) қалаларына және Қарағанды облысына (8,3%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2024 жылдың қараша айында олар бойынша 11 881 мәміле ресімделген.
2024 жылдың қазан айымен салыстырғанда, 2024 жылдың қарашасында жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 6%-ға (525 мәмілеге) азайған. Қарашада барлығы 8 165 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең көп өсімі Қызылорда (+15,7%), Батыс Қазақстан (+9,5%) және Маңғыстау (+7,9%) облыстарында байқалды. Ал бір айдағы ең үлкен төмендеу Ұлытау (-38,3%), Павлодар (-33,1%) және Шығыс Қазақстан (-23,1%) облыстарында орын алды.
2024 жылғы қарашада тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырғы тиісті айымен салыстырғанда 24,3%-ға көбейген, ол кезде 31 727 мәміле ресімделген болатын. Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Батыс Қазақстан облысында (56,7%) байқалады, ең үлкен төмендеу – Қызылорда облысында (-9,3%). 2024 жылдың қаңтар-қараша айларындағы мәмілелер санын 2023 жылғы қаңтар-қараша айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 15,1%-ға өсім байқалады.ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша іріктелген байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпарат сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жиналады, бұл ретте пәтердің бастапқы және таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады.