2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 13,1% өсіп, 8882,4 млрд. теңгені құрады.
Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 92,6%, шетелдік – 7,1%, мемлекеттік – 0,3% орындалды.
2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда құрылыс жұмыстары көлемінің 2023 жылмен салыстырғанда ұлғаюы тұрғын ғимараттар (14,5%) мен имараттар (14,3%) құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарымен байланысты.
2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 21,1%) мен автомобиль жолдары (17,3%) және тұрғын үйлердің (13,9%) құрылысы алады.
Аумақтық бөлінісінде республиканың он тоғыз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Қызылорда (53,8%), Жетісу (51,1%), Солтүстік Қазақстан (31,4%), Алматы (28,7%), Ұлытау (28,1%), Түркістан (26,4%), Қостанай (24,9%), Шығыс Қазақстан (24%), Қарағанды (23,7%), Ақмола (22,8%), Абай (22,2%) облыстарында, және Астана (22,3%) қаласында байқалады.

Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру
Қазақстан Республикасында 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 22438 мың шаршы метрді құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2023 жылмен салыстырғанда 6,4% өсіп, 18963,4 мың шаршы метрді құрады, олардан 12120,8 мың шаршы метр - көп пәтерлі және 6653,9 мың шаршы метр - жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 16965,2 мың шаршы метрді немесе 89,5%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 6932,8 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.
2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда білім беру және денсаулық сақтау саласында 40526 оқу орнына арналған 86 жалпы білім беретін мектеп, 4158 орынға арналған 29 мектепке дейінгі ұйымдар 1000 орынға арналған 4 аурухана және ауысымда 8498 келіп-кетушіге арналған 249 амбулаториялық-емханалық ұйымдар пайдалануға берілді.