Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
2024 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 103% құрады
16.09.2024
2024 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 103% құрады
Биылғы жылдың қаңтар-тамыз аралығында 31 816,3 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 14 603,8 млрд теңгеге (жалпы көлемнен 45,9%), өңдеу саласында – 14 957,4 млрд теңгеге (47%).

Өңірлер арасында едәуір өсім Ұлытау, Қарағанды, Түркістан, Ақтөбе облыстарында және Астана қаласында байқалды.

Табиғи газ шығару (104,6%) және металл кендерін (107,5%) өндіру салаларының артуына байланысты 2024 жылғы қаңтар-тамызда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнеркәсіп өндірісінің индексі 101% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде өнеркәсіп өндірісінің индексі 104,9% құрады. Өсім  химия өнеркәсібі өндірісінде – 8,6%, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар – 15,6%, металлургия – 8,7%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 30,1%, машина жасауда – 4,3%, өзге де дайын бұйымдарда 1,6 есе белгіленді.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда электр энергиясын өндіру, беру және тарату көлемдерінің – 6,5%, құбыр бойынша газды тәрізді отын өндіру және таратудың 5,9% артуы есебінен индекс 105,9% құрады.

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде тіркелді, төмендеу – Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарында және Алматы қаласында.


Тізімге оралу

Онлайн кеңесші