04.07.2024
2023 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 15,1%-ға ұлғайды
2023 жылы құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 7 612,8 млрд. теңгені құрады және 2022 жылмен салыстырғанда 15,1%-ға ұлғайды. Бұл ретте республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдары – 82,2%, шетелдік – 17,3% және мемлекеттік мекемелер – 0,5% орындады.
Құрылыс жұмыстарының құрылымы бойынша негізгі көлемі құрылыс-монтаж жұмыстары жұмыстарына – 84,7%, күрделі жөндеу жұмыстарына - 7,6%, ағымдағы жөндеу жұмыстарына - 7,7% келеді.
2023 жылы салынып жатқан объектілер түрлері бойынша ең көп үлес салмағын 51,1% - имараттар, 32,9% - тұрғын емес ғимараттар, 16%- тұрғын үй ғимараттары бойынша орындалған жұмыстар көлемі алады. Ең көп көлем құндық мәнде имараттар құрылысы бойынша байқалды - 3 893,7 млрд теңге және ең жоғарғы өсу 2022 жылмен салыстырғанда имараттар құрылысы бойынша белгіленді - 33,1%.
Объектілерді пайдалануға беру
2023 жылы 38 017 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оның ішіндегі 35 304 тұрғын және 2 713 тұрғын емес мақсаттағы. Пайдалануға беріген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 17,8 млн.теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,8% өсті. Пайдалануға берілген: жалпы білім беретін мектептер – 112 бірлік, мектепке дейінгі ұйымдар – 63, амбулаториялық-емханалық ұйымдар – 107, ауруханалар – 3 бірлік. Бұл ретте, амбулаториялық емханалардағы ауысымға келіп кету 2022 жылмен салыстырғанда 2 955 ауысымға келіп кетуге өсті.
Тізімге оралу