Халықтың атаулы ақшалай табысы – бұл халықтың ағымдағы тұтынуға, өндірістік қызметке және қорлануға бағытталған ақшалай қаражаттары. Оның шамасы есептеу әдісімен макродеңгейде анықталады және халықтың жалдамалы жұмыс пен өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен ақшалай табыстарын бағалауды (жалақының жасыру мен статистикалық есептілікпен қамтуға келмейтін жұмыс істейтін халықтың санына санап шығумен) және әлеуметтік трансферттердің төлемі қосылады.
Орташа жан басына шаққандағы табыс табыстардың жалпы сомасын тұрақты халық санына бөлу арқылы есептеледі.
Нақты ақшалай табыс – бұл инфляция деңгейіне түзетілген номиналды ақшалай табыс.
Ескертпе. Бағалау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 214 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 21 қыркүйекте № 14350 болып тіркелген, Халықтың атаулы ақшалай табыстарын есептеу (бағалау) әдістемесі негізінде жүргізілді.